Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1345 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31514 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:
25-тармақтың бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7120 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша шығыстар» шотының дебетi және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 4130 «Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек» шоттарының кредитi бойынша активті бір мезгілде тану кезінде туындайтын бюджетпен есеп айырысу бойынша берешекті есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, ұзақ мерзімді сипаттағы басқа міндеттемелер бойынша берешек.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. ҚЕ-3-КБ-ҰМ нысаны бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы есепті жасау кезінде уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджет алдындағы ұзақ мерзімді қарыздар (бюджеттік кредиттер) бойынша міндеттемелерді көрсетеді.
Бюджет деңгейлері бойынша ҚЕ-3-КБ-ҰМ нысаны бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлық берешек туралы шоғырландырылған есептерді қалыптастыру кезінде төмен тұрған бюджеттердің ұзақ мерзімді қарыздары (бюджеттік кредиттері) бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер алып тастауға жатады.»;
«Мемлекеттік мекемелердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі электронды түрде және/немесе қағаз тасығышта беттері нөмірленіп және мазмұнымен ұсынылады.»;
«Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері берешектің жай–күйі туралы қаржылық есептілікті беттері нөмірленген және мазмұны жазылған электронды түрде және/немесе қағаз тасығышта және нысандарды толық көлемде АЖ арқылы электрондық түрде ұсынады.»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы Е. Биржанов
Полная версия
ИС BestProfi