«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13282 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 жылғы № 471/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 135) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 жылғы № 611/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 жылғы № 471/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 17.08.2017 жылғы № 309 Бұйрығымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 28.06.2018 жылғы № 295 Бұйрығымен (17.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.03.2022 жылғы № 101/НҚ Бұйрығымен (28.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.11.2022 жылғы № 471/НҚ Бұйрығына сәйкес (31.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 135) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 жылғы № 611/НҚ Бұйрығына сәйкес (30.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді автоматтандыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдар қолданады.
1) ақпараттандыру объектісін дамыту – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;
2) ақпараттандыру объектісін ендіру – автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;