Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
«Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 34 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына  сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту туралы»;
«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
«1. Қоса берiліп отырған Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciнде:
«Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидалары»;
«1. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрі – тіркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртiбiн белгілейдi.
2. Тiркеушi органның лауазымды адамдары тексерiс жүргiзу кезiнде өздерiнің қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.»;
«3. Саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашылық тобының және саяси партия мүшелерінің тізімдерінің (бұдан әрі – тізімдер) дұрыстығын тексеру:
1) бастамашылық топ үшін саяси партия құру ниеті туралы хабарлама берген кезде «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-бабына сәйкес хабарлама алынған күні;
2) саяси партия мүшелері үшін «Саяси партиялар туралы» Заңның 10-бабында көзделген құжаттарды тапсырған кезде жүзеге асырылады.
4. Тізімдерде көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс.
Саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың мүшелігіне, сондай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының азаматы бір саяси партияның ғана мүшесі бола алады.
Саяси партияға мүшелік ерікті, жеке және тұрақты болып табылады.
Саяси партияға қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезеңде саяси партияда болмауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияларда болмауға, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс.
5. Тiзiмдердегі саяси партия құруға бастамашылық жасаған азаматтардың саны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екiсін білдіретін кемiнде жеті жүз адам болуға тиiс.
Тiзiмдерде көрсетілген саяси партия құрамының жалпы саны бес мың партия мүшесінен кем болмауға тиіс, олар партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы әрқайсысында кемінде екі жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкiлдiктерінiң) атынан өкiлдiк етеді.»;
«9. Ұсынылатын тізімдерге қатысты осы Қағидаларда белгіленген талаптардың сақталуын тексеру:
1) саяси партия құру ниеті туралы хабарлама келіп түскен кезде;
2) саяси партияның құжаттары мемлекеттік тiркеуге түскен кезде;
3) арыздар, өтiнiштер, шағымдар, хабарламалар мен өзге де ақпарат түскен кезде олардың дұрыстығы тұрғысынан жүргізіледі.».
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өңiрлер бойынша тiзiмдердегi азаматтардың санын олардың осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген саны тұрғысынан тексерудi;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының құжат алған халқының деректер банкi бойынша тiзiмдерде көрсетiлген адамдарды Қазақстан Республикасының азаматы болуы тұрғысынан тексеруді;».
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) тізімдерде көрсетілген адамдарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия
ИС BestProfi