Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 ақпанда № 31874 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:
«54) пилоттық жоба – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген Астана қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған инвестициялық жоба;»;
«Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам, не ББӘ – мемлекеттік органның бірінші басшысы уәкілеттік берген адам қол қояды.».
«15. ББӘ осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қамтитын МИЖ инвестициялық ұсыныстарын қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі үшін құжаттар электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы беріледі.
Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі болмаған жағдайда, инвестициялық ұсыныс қағаз жеткізгіште енгізіледі. Инвестициялық ұсыныстың әр парағына қол қойылады не тігіледі, нөмірленеді және инвестициялық ұсынысты әзірлеуге жауапты ББӘ құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен расталады.
16. Экономикалық қорытынды дайындау үшін осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қажет құжаттардың толық топтамасы болмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган МИЖ инвестициялық ұсынысын ББӘ-ге қайтарады.»;
«127. «Стратегиялық алғышарттар» тарауы оларды іске асыру үшін Инвестициялар жоспарланатын стратегиялық құжаттар туралы ақпаратты (елдегі жағдай және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттары, бюджеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы) қамтиды.»;
136-3-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«адамның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) (ұйымның атауын);»;
148-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«148. Бір квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір және одан көп ҚЭН-ін іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан қолма-қол ақшаның бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды жаңа жобаны (ларды) іске асыруға бағыттаған жағдайда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңа БИ ҚЭН әзірлеу талап етіледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi