БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққамүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 145 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
9 «Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер» кіші сыныбында:
06 «Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«06 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер»;
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
10 «Мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерден басқа залалдың орнын толтыру туралы өтініштер бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынатын қаражат» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«10 Мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерден басқа залалдың орнын толтыру туралы өтініштер бойынша алынатын қаражат»;
06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
1 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
08 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«08 Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер»;
09 «Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«09 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер»;
2 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 01, 02 және 03 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«01 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының мақсаттарына жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін ақша
02 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде оларды тәркілеу нәтижесінде мемлекеттік меншікке түскен ақша
03 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша шығарылған сот актісі негізінде тәркіленген мүлікті өткізуден мемлекеттік меншікке түскен ақша»;
04 «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген ақша қаражаты» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«04 Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген ақша»;
05 «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып табылса, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне, оның ішінде мүлікті өткізуден түсетін ақша қаражаты» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«05 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып табылса, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне, оның ішінде мүлікті өткізуден түсетін ақша»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
02 «Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» сыныбында:
1 «Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 03 ерекшелікпен толықтырылсын:
«03 Субвенциялар»;
мынадай мазмұндағы 05, 06, 07, 08, 09, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17:
«05 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар
06 Республикалық бюджеттен қорғанысқа берілетін субвенциялар
07 Республикалық бюджеттен қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне берілетін субвенциялар
08 Республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары
09 Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар
10 Республикалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін субвенциялар
11 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар
12 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар
13 Республикалық бюджеттен отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалануға берілетін субвенциялар
14 Республикалық бюджеттен ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына берілетін субвенциялар
15 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар
16 Республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар
17 Республикалық бюджеттен өзге де шығыстарға берілетін субвенциялар» ерекшеліктері алып тастылсын;
2 «Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер» кіші сыныбында:
03 «Облыстық бюджеттен түсетiн субвенциялар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«03 Субвенциялар»;
мынадай мазмұндағы 05, 06, 07, 08, 09, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17:
«05 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар
06 Республикалық бюджеттен қорғанысқа берілетін субвенциялар
07 Республикалық бюджеттен қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне берілетін субвенциялар
08 Республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары
09 Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар
10 Республикалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін субвенциялар
11 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар
12 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар
13 Республикалық бюджеттен отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалануға берілетін субвенциялар
14 Республикалық бюджеттен ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына берілетін субвенциялар
15 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар
16 Республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар
17 Республикалық бюджеттен өзге де шығыстарға берілетін субвенциялар» ерекшеліктері алып тастылсын;
3 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер» кіші сыныбында:
03 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«03 Субвенциялар»;
мынадай мазмұндағы 05, 06, 07, 08, 09, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17:
«05 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар
06 Республикалық бюджеттен қорғанысқа берілетін субвенциялар
07 Республикалық бюджеттен қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне берілетін субвенциялар
08 Республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары
09 Республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін субвенциялар
10 Республикалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін субвенциялар
11 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар
12 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар
13 Республикалық бюджеттен отын-энергетика кешенiне және жер қойнауын пайдалануға берілетін субвенциялар
14 Республикалық бюджеттен ауыл, су, орман, балық шаруашылығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғауға, жер қатынастарына берілетін субвенциялар
15 Республикалық бюджеттен өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне берілетін субвенциялар
16 Республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар
17 Республикалық бюджеттен өзге де шығыстарға берілетін субвенциялар» ерекшеліктері алып тастылсын;
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
430 «Дамуға бағытталған күрделі шығындар» кіші сыныбында:
431 «Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау» ерекшелігі бойынша:
«Анықтамасы» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, оның ішінде күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерге арналған шығындар. «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны жүзеге асыру щеңберіндегі шығындар».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 150 Бұйрығымен (08.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 08 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Полная версия

