Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2025
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 113 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 7 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.05.2025 жылғы № 359 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
«6) елдің жалпыұлттық басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін басым бюджеттік қаржыландырудың бағыттарын көрсететін, республикалық бюджет жобасында қамтылған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазба, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларға/кіші бағдарламаларға дейінгі шығыстарын ашып көрсететін ақпарат.
Түсіндірме жазбаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.
Түсіндірме жазбаға Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә. Смайылов
Полная версия
ИС BestProfi