Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 172 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31908 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында:
«11. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мынадай есептердің түрлерін жасайды және ұсынады:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-АҚ нысаны);
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақша түсімдері және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);
өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 3-ӨШ нысаны);
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген 4-20 нысан бойынша бюджеттік сыныптама жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – 4-20-нысан);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі-МӘСҚ) түсімдері мен шығыстары осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес 8-МӘСҚ нысаны (бұдан әрі – 8-МӘСҚ нысаны) бойынша туралы есеп;
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-2-қосымшаға сәйкес 8-ӘлМСҚ нысаны бойынша (бұдан әрі-8 – ӘлМСҚ нысаны);
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (бұдан әрі – БИҚҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-3-қосымшаға сәйкес 9-БИҚҚ нысаны бойынша (бұдан әрі – 9-БИҚҚ нысаны).»;
«46. Бюджет шығыстарын қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалары, кіші бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.
Бюджеттің шығыстарын қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімдері бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары, функционалдық кіші топтары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалары, кіші бағдарламалары бойынша деректерді қамтиды.»;
«57. Бюджет қаражатының еркін қалдықтары – бұл:
1) алынған қарыздар бойынша негізгі борышқа қызмет көрсетуге және өтеуге;
2) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және дайындау және беру мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтерді және басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының қабылданған міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға;
Полная версия
ИС BestProfi