Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2023
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы" 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1143 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.11.2023 жылғы № 1055 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2022 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1143 қаулысына
 Қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 4 қарашадағы
 № 1171 қаулысымен
 Бекітілген
Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы
1-бөлiм.
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады.
2. "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес елді одан әрі газдандыру мынадай негізгі міндеттерге:
1) Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін газбен жабдықтау перспективаларын ескере отырып, жаңа аумақтарды газдандырумен қамтып және ішкі нарыққа газ жеткізудің сенімділігін қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасын газдандыруды одан әрі дамытуға;
2) газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің жалғастырушы өткелдері бар газдандыру жүйелерінің жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғыртуға және жаңа объектілерін салуға;
3) Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық теңгерімі құрылымында табиғи газды тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін және оны мұнай-газ-химия мен энергетика саласында тиімді пайдалануды ескере отырып, газ ресурстарының және тауарлық газ өндірудің оң теңгерімін қолдауға және дамытуға қол жеткізуді қамтиды.
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективаға тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды талап етеді.
3. Газ саласын дамыту бойынша соңғы жылдары қабылданған іс-шаралар газ тасымалдау компанияларының салыстырмалы түрде қаржылық орнықтылығына, жұмыс көлемін ұлғайтуға әрі магистральдық және жергілікті газ құбыры жүйелерін техникалық реконструкциялауға қол жеткізуге мүмкіндік туғызды, бұл газды ішкі тұтынудың өсуіне әсер етті.
4. Қазіргі уақытта шығарылатын газды өңдеу толық көлемде жүзеге асырылмайды, бірқатар кен орындарында табиғи газ өндіру орындарынан оны тасымалдау жүйесіне және оны тұтыну өңірлеріне бөлу мен жеткізудің техникалық мүмкіндігі жоқ.
5. Бас схеманы қабылдау мұнай-газ кешеніндегі газ құрамдас бөліктерінің технологиялық және аумақтық жекелеген буындарын біріктіруге және сұйытылған табиғи және мұнай газдарын жеткізумен үйлестіре отырып, табиғи газды өндірудің, қайта өңдеудің, тасымалдаудың және тұтынушыларға дейін жеткізудің бірыңғай салалық жүйесін құруға бағытталған.
Полная версия
ИС BestProfi