Близость слов: Окончание:





Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысы
Осы Қаулы өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.10.2023 жылғы № 927 Қаулысымен (01.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(қызмет бабында пайдалану үшін)
Редакция 14.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (24.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2022 жылғы № 523 Қаулысымен (02.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2023 жылғы № 1177 Қаулысына сәйкес (15.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі ‒ Кешенді жоспар);
2) жекешелендіру объектілерін Кешенді жоспарға қосу және одан алып тастау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын, басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын квазимемлекеттік сектор субъектілері (бұдан әрі – ірі ұйымдар) бойынша:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;       
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (келісу бойынша), "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" (келісу бойынша), "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering) (келісу бойынша) акционерлік қоғамдарына ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
4. Жергілікті атқарушы органдарға:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2021 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту;
2) осы қаулыға 4-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, оларды қосу не біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.
5. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (келісу бойынша):
1) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың бәсекелес ортаға беру ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесін бекіту;
2) осы қаулыға 5-қосымшада көрсетілген заңды тұлғалар үш рет өткізілген сауда-саттықтың нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, оларды қосу не біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2021 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (келісу бойынша) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес өткізілуінің, қайта ұйымдастырылуының, таратылуының мерзімдерін, тәсілдерін, сондай-ақ өзге де шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқармасы айқындайтын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес, тәуелді ұйымдарының және онымен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту ұсынылсын.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.08.2022 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (02.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2023 жылғы № 1177 Қаулысына сәйкес (15.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
7. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган (келісу бойынша), квазимемлекеттік сектор субъектілері (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.12.2021 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (13.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 44 Қаулысына сәйкес (24.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша (10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат және құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөнінде ұсыныстар беріп тұрсын;
Полная версия
ИС BestProfi