«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2024
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2022 жылғы 4 тамыздағы № 30-9/83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2023 жылғы 15 ақпандағы № 30-9/23 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 14.02.2024 жылғы № 30-9/27 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2022 жылғы 4 тамыздағы № 30-9/83 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы»;
«1. Қоса берілген:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекеме туралы Ережесі»;
«1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.»;
Полная версия