Близость слов: Окончание:





«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 192 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32159 болып тіркелді
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы»;
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы М. Карабаев
Полная версия
ИС BestProfi