1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14623 болып тіркелді) № 629 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы №629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 наурызда № 32146 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«3-1 параграф. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемінің орындалуын талдау.
47-1. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттер, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңда белгіленген бағыттар бойынша қаражаттың ең төмен көлемінің орындалуын талдауды тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде жүзеге асырады.
47-2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырады және тиісті әкімшіге немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына:
жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 14-1-қосымшасына сәйкес ұсынады.
47-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қалыптастырады және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарлама әкімшісіне:
жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 18 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 15-3 қосымшасына сәйкес ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жиынтық есептілікті қалыптастырады және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған есептерді келіседі және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджет базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру жөніндегі жиынтық есептерді қалыптастырады.
Есептерді электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық түрде келісуге жол беріледі.
47-4. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдары облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға:
жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде жергілікті бюджеттер базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті:
есепті жылға – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 16-1 қосымшасына сәйкес ұсынады.
Облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы ұсынылған есептерді келіседі және жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің базасына енгізілген ағымдағы нысаналы трансферттерді іске асыру жөніндегі жиынтық есептерді қалыптастырады.
Полная версия

