БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі орынбасарының - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 314 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
9 «Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер» кіші сыныбында:
07 «Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«07 Иесіз мүлікті, тәркіленген жылжымайтын мүлік объектілері, заттай дәлелдемелер, иесіз қалған мүлік, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер» кіші сыныбында:
07 «Нұр-Сұлтан қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«07 Астана қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
106 «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
Полная версия

