«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 293 қаулысы
Редакция 29.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2024 жылғы № 773 Қаулысына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2025 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес (24.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2025 жылғы № 1143 Қаулысына сәйкес (09.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия

