Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығы
Редакция 30.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 13 сәуірдегі
№ 195 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
«8. Институттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.».
2. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуден кейін өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.»;
кестенің «1. Әскери саладағы мәліметтер» деген бөлімінің 1-бағанында:
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Полная версия
ИС BestProfi