«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысы
Редакция 29.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2025 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес (25.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2025 жылғы № 1143 Қаулысына сәйкес (09.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия

