БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 461 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында:
30 «Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері» ерекшелігі алып тастылсын;
06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
1 «Кеден төлемдерi» кіші сыныбында:
12 «Төлеу бойынша міндеттеме Кеден одағында әкелу кедендік баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу мен бөлудің тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін туындаған әкелу тауарларына кедендік баждар және (немесе) әкелінетін кедендік баждар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«12 Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданысы бар өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жатқызу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісім күшіне енгенге дейін төлеу жөніндегі міндеті туындаған әкелінетін тауарларға және (немесе) әкелінетін кедендік баждарға арналған кедендік баждар, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасасқан, кедендік әкелу баждарын босату және (немесе) өтеу көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша әкелінетін тауарларға кедендік баждар»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
1 «Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту» функционалдық кіші тобында:
123 «Қаладағы аудан әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
029 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
Полная версия

