Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 316 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Уақытша схема бойынша Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 наурыздағы № 328 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 63-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 сәуірдегі № 660 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1253 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы № 666 қаулысы.
Полная версия
ИС BestProfi