Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 543 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32604 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118, 120-1, 120-2 және 120-3-баптарына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-3-бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі;
2) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, бухгалтерлiк есепті, бюджеттік есепті және республикалық бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган;
3) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, бухгалтерлiк есепті, бюджеттік есепті және жергілікті бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті уәкілетті органдар (бұдан әрі – бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган);
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігі – бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынған қаржылық есептілігі;
5) ведомство – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге, акционерлік қоғамдарға, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға салынатын бюджет қаражатының салымдары;
7) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Бюджет кодексінің 120-2-бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік;
8) республикалық бюджетті атқару жөніндегі шоғырландырылған қаржылық есептілік – бұл Бюджет кодексінің 120-1 бабына сәйкес бірыңғай ұйымның қаржылық есептілігі ретінде ұсынылған ведомствоның және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі;
9) элиминирлеу – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасындағы немесе бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер арасындағы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен бюджет кірістерінің есебін жүргізетін уәкілетті орган арасында, өзара операциялар бойынша тең соманы, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар арасындағы операцияларды алып тастау.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау мақсаты мүдделі адамдарды қаржылық қызметтің нәтижелері мен республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайының өзгерістері, қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.»;
«11. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiкті республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi, облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар нысандардың толық көлемінде электрондық түрде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы ұсынады. Есепті беру күні оны АЖ арқылы беру күні болып есептеледі.
Полная версия
ИС BestProfi