«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32759 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Карабаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 425 бұйрығына 1-қосымша
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидалары және біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия, қос мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия беру, сондай-ақ «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Полная версия