БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 656 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 206 бюджеттік бағдарламасы бар 762 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«762 Облыстың құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
206 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын жұмсау»;
09 «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
1 «Отын және энергетика» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі»;
12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында:
9 «Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 249 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«249 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі»;
1 «Ағымдағы шығындар» санатта:
03 «Ағымдағы трансферттер» сыныбында:
350 «Өзге де ағымдағы трансферттер» кіші сыныбында:
351 «Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттер» ерешелігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 361 ерекшелігімен 360 кіші сыныбы толықтырылсын:
«360 Нысаналы жарна
361 Нысаналы жарна»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
350 «Өзге де ағымдағы трансферттер» кіші сыныбында:
«
|
|
351 |
Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттер |
Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына берілетін трансферттер |
|
»
алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 361 ерекшелігімен 360 кіші сыныбы толықтырылсын:
«
|
360 |
Нысаналы жарна |
|||
|
|
361 |
Нысаналы жарна |
Республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер |
|
».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Полная версия

