Близость слов: Окончание:





Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32884 болып тіркелді
Редакция 11.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылған Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы К. Балыкбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 242-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар
1. Осы Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-8-тармағына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда базарларының қызметін ұйымдастыру тәртібін, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы Қағидалар сауда базарының барлық субъектiлерiне және объектілеріне қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер қолданылады:
1) автодүкен – сауда жабдығымен жарақталған арнаулы автокөлiк құралы (тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде арнаулы көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс);
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) әкімшілік аймақ – сауда базарының сауда базары әкімшілігінің үй-жайлары орналасқан аймағы;
Полная версия
ИС BestProfi