БҰЙЫРАМЫН:
«Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32963 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 19 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 30.06.2025 жылғы № 298-НҚ Бұйрығына сәйкес
1. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
"
|
6 |
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары Төрағаларының және олардың орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар: 1) әзірлеу және бекіту орны бойынша; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. Тапсырмада көрсетілген барлық мемлекеттік органдар (ұйымдар) тапсырманы орындау үшін жауапты болып табылатын жағдайларда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тапсырманы орындау жөніндегі құжаттарды қағаз жеткізгіште және олармен бірдей электрондық құжаттар түрінде ұсынады. |
|
2) басқа ұйымдарда |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар*. |
»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
7 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының және оның орынбасаларының тапсырмалары және оларды орындау жөніндегі құжаттар |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар*. |
»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
12 |
Ұйым басшысының нормативтік емес құқықтық актілері (бұйрықтары мен өкімдері): 1) негізгі (өндірістік) қызмет бойынша; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
2) жеке құрам бойынша (жұмысқа қабылдау, тағайындау, оқуға қабылдау), жұмыстан босату (шығару), ауысу, аттестаттау, білім алу, біліктілікті арттыру, атақтар (шендер) беру, тегінің (әкесінің атын) өзгергені, көтермелеу, марапаттау, еңбекақы төлеу, сыйақы беру, төлемдер, жәрдемақылар, тәртіптік жазалар қолдану мен алу туралы) |
75 жыл СТК |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
3) жеке құрам бойынша (іссапарлар, демалыстар, көтермелеу, біліктілікті арттыру, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік жазаларды қоспағанда, тәртіптік жазалар қолдану мен алып тастау туралы) |
5 жыл СТК |
Электрондық құжаттар*. |
»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
15 |
Мыналардың хаттамалары, шешімдері, ұсыныстары, қорытындылары, стенограммалары (аудиовизуалды жазбалар) және оларға қатысты құжаттар (анықтамалар, қорытындылар, баяндамалар және басқа құжаттар): 1) Қазақстан Республикасы Президентімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығымен шақырылатын отырыстардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарының; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
2) Қазақстан Республикасы Парламенті және оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттері мен комиссияларының, Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының кеңестерінің; |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар* . |
|
|
4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары отырыстарының; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
5) республикалық, мемлекеттік тұрақты комиссиялардың, алқалардың, орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың өзге де консультативтік-кеңесші органдары отырыстарының; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
6) мәслихат сессиялары мен оның органдарының, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиялары отырыстарының; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
7) республикалық бюджеттік комиссияның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиялары отырыстарының; |
Тұрақты |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
8) акционерлердің жалпы жиналыстарының, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, шаруашылық серіктестіктер құрылтайшыларының (қатысушыларының); |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар*. Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда. |
|
|
9) ұйымның комиссиялары, кеңестері, алқалық, атқарушы және консультативтік-кеңесші органдарының; |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар*. Тиісті ақпараттық жүйе бар болған жағдайда. |
|
|
10) ұйымның жұмыс топтарының, уақытша комиссияларының; |
3 жыл |
Электрондық құжаттар*. |
|
|
11) ұйым жұмыскерлерінің жалпы жиналыстарының (конференцияларының); |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар*. |
|
|
12) жария тыңдаулардың; |
Тұрақты |
Электрондық құжаттар*. |
|
|
13) азаматтардың жиналыстарының (жиындарының); |
5 жыл СТК |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар |
|
|
14) ұйым басшысындағы аппараттық (жедел) кеңестердің; |
3 жыл СТК |
Қағаз жеткізгіштегі құжаттар және олармен бірдей электрондық құжаттар. |
|
|
15) ұйымның құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің кеңестерінің |
Қажеттілігі өткенге дейін |
Электрондық құжаттар*. |

