1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 15-VIII Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«22) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар – осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың кәсіптік біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оны тануға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;»;
«46) жұмысты тарифтеу – орындалатын жұмыстарды кәсіптік стандартқа сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу;»;
«82) іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс басқа жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға, сондай-ақ кәсіптік біліктілігін тануға жіберу.»;
«10) осы Кодекске және «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың кәсіптік біліктілігін арттыруды және тануды қамтамасыз етуге;»;
«3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі туралы құжат, кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат (бар болған кезде), арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;»;
5) 66-баптың 3-тармағы 7) тармақшасындағы «жүргізілген кезеңде тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «жүргізілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін тану кезеңінде тоқтатыла тұрады.»;
«8. Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді.»;
8) 118-бапта:
«118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, кәсіптік біліктілігін арттыру және тану
Полная версия

