Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 552 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысы.
2. «Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысы.
3. «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдері мен «Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 20-тармағы.
5. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және «Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысының 2-тармағы.
6. «Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1017 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1089 қаулысы.
Полная версия
ИС BestProfi