Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 23- VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) 182-баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «заңнаманың қолданылуын тоқтата тұруға байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына тексеру жүргізу кезінде тоқтатыла тұрады.»;
2) 249-баптың 2-тармағы 8) тармақшасындағы «сатқан реттер кірмейді.» деген сөздер «сатқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес мүлік мемлекет кірісіне айналдырылған реттер кірмейді.»;
3) 261-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұлғаны адал иемденуші деп танудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді өндіріп алу туралы талап бойынша ақшаны алып қою жүргiзiледі;»;
2) 830-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға – бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнен үзінді-көшірме қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;».
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
81-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.» деген сөздер «тәркiленген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жер учаскесі мемлекет кірісіне айналдырылған реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
«10) уақтылылық қағидаты – Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсетін түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын алушылардың шоттарына бюджет қаражатын аудару;»;
Полная версия
ИС BestProfi