Близость слов: Окончание:





«Кепілдік шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 85 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 шiлдеде № 33092 болып тіркелді
1. «Кепілдік шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген № ____кепілдік шартында:
«Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан __________ негізінде әрекет ететін __________________ бір тараптан, бұдан әрі «Екінші деңгейдегі банк/Микроқаржы ұйымы (қажеттісін таңдаңыз)» деп аталатын «_______» акционерлік қоғамы/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі/заңды тұлғаның өзге нысаны (қажеттісін таңдаңыз) атынан ________ негізінде әрекет ететін ____________ екінші тараптан және бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын _________________________________________________________________________ атынан
  ______________________________________________________ негізінде әрекет ететін _____________________________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар, ал жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар:
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама);
«Қалаларда және моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларын және Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 84 бұйрығына сәйкес төмендегілер туралы осы кепілдік шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.»;
«8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;»;
«7. Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгерге Қарыз алушыға, кредит шартына, оның мазмұнына және оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде кредит шартындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы, ол бойынша жүзеге асырылған төлемдер және ол бойынша мерзімі бұзылған орындаулар, кредит шарты бойынша өтелген сомалар және несиелік берешек қалдықтары туралы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, коммерциялық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді ұсыну құқығын Банкке/МҚҰ береді. Қарыз алушы Кепілгерге және Банкке/МҚҰ өзі туралы дербес деректерді «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жинауға және өңдеуге сөзсіз және кері қайтарып алынбайтын келісімін де береді (жеке тұлғалар үшін).»;
жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;
бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;
салықтық төлемдер сомасы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереженің 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беру туралы келісімді Кепілгерге беруге;».
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі А. Куантыров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 12 шілдедегі
№ 136 бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеу бойынша субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14084 болып тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 153 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16848 болып тіркелген).
3. «Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18746 болып тіркелген).
Полная версия
ИС BestProfi