Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 тамызда № 33219 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 57) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттарын тану қағидаларының тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (28.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) білім туралы құжаттарды тану – бұл шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;