БҰЙЫРАМЫН:
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 566 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 тамызда № 33263 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2024 жылғы 10 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 15.09.2023 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес
1. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларында:
«
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (сұрау салу); 2) жоғары инженерлік-техникалық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; 3) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын оқу орталығы берген энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі; 4) кандидаттың еңбек қызметін және кемінде 5 (бес) жыл жалпы техникалық өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда энергия аудиторы кемінде 1 (бір) жыл; 5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша III және одан жоғары рұқсат беру тобының білімін біліктілік тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген). |
».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Карабаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі