БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 845 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 тамызда № 33269 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:
«ведомство – республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттер берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне тиісінше – 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 25 ақпанға дейін ұсынады.»;
«12. Берешектің жай-күйі туралы жылдық және жартыжылдық қаржылық есептілікте берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат берешек пайда болған бухгалтерлік есеп шотының нөмірін көрсете отырып қалыптастырылады.
31 наурыздағы және 30 қыркүйектегі есептерде шот нөмірлері көрсетілмейді.»;
«18. ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;
2, 3, 4 және 5-бағандарда функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелік толтырылады;
6-бағанда берешек қалыптасқан бухгалтерлік есеп шотының нөмірі көрсетіледі;
7-бағанда 1, 2, 3, 4 және 5-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;
8-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;
9-бағанда ағымдағы жылдың басында жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. Қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, 9-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермейді;
10-бағанда Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес ағымдағы қаржы жылында тиісті бюджеттің кірісіне аударылған өткен жылдардың дебиторлық берешегінің сомасы көрсетіледі;
11-бағанда ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен өтелген, сондай-ақ есептен шығарылған, оның ішінде сот шешімі бойынша өткен жылдардағы дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;
12-бағанда бір берешек шотынан (-) екінші берешек шотына (+) ауыстырылған дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;
Полная версия

