1. Осы Жылқылардың зауыттық тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылқылардың зауыттық тұқымдарына бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9-1 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 9-қосымша
Осы Бұйрық 9-1-қосымшамен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жылқылардың зауыттық тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Жылқылардың зауыттық тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
3. Жылқылардың зауыттық тұқымдарын бонитирлеу қазан айында жүргізіледі.
4. Бонитирлеудің кешенділігі бір қатар жылқы белгілері үшін (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері, сырт бітімі, жұмысқа қабілеттілігі және ұрпақтарының сапасы) белгіленген шәкілдерге сәйкес 10 (он) балдық жүйе бойынша бағаланады.
5. Бонитирлеу жыл сайын жүргізіледі, бірақ әр жылқы өмірінде үш рет бонитирленеді:
1) бірінші бонитирлеу – 1,5 (бір жарым) жастан 3,5 (үш жарым) жасқа дейін (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері мен сырт бітімі бөліктері бойынша) жүргізіледі;
2) екінші бонитирлеу – 3,5 (үш жарым) жастан 7,5 (жеті жарым) жасқа дейін (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері, сырт бітімі бөліктері мен жұмысқа қабілеттілігі бойынша) жүргізіледі;
3) үшінші бонитирлеу – 7,5 (жеті жарым) және одан үлкен жаста (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері, сырт бітімі бөліктері, жұмысқа қабілеттілігі және ұрпағының сапасы бойынша) жүргізіледі, сосын әрбір үш жылда ұрпағының сапасы туралы деректер жинақталуына қарай нақтыланады.
6. Жылқылардың тұқымдылығы мен шығу тегі құжаттар бойынша анықталады. Шығу тегі туралы құжатталған деректері жоқ жылқылар асыл тұқымды болып есептелмейді және бонитирлеуге жатпайды.
7. Будандардың қандылығы аз жағына қарай дөңгелектей отырып, ата-енесінің қандылығының жартылай қосындысымен анықталады және осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесін анықтау құжаттарда белгіленеді. Шағылыстыру нәтижесінде алынған 3 (үшінші) және 4 (төртінші) ұрпақтың (7/8 (сегізден жеті) және 15/16 (он алтыдан он бес)) тұқымаралық будандары, оларда тұқымға тән айқын байқалған типтері мен белгілер болған кезде таза тұқымды жылқыға жатқызылуы мүмкін.
8. Бонитирлеуден өткен мал бастарын мынадай сыныптарға бөледі:
1) элита – тұқымға қойылатын талаптарға толық сәйкес келетін жылқылар тұқымындағы ең үздігі;
2) бірінші сынып – негізінен тұқымға қойылатын талаптарға сәйкес келетін жылқылар;
3) екінші сынып – асыл тұқымды маңызы бар, тұқымның қалған бөлігі.
9. Санамаланған сыныпқа жатқызылмаған жылқыларды асыл тұқымды емес деп есептейді.
10. Бағалаудың барлық белгілері бойынша әрбір сынып үшін осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жылқыларды бағалау шәкілі бойынша белгілі бір балл қойылады.
11. Егер жылқы бір белгі бойынша белгіленген минимумға дейін бір балл жинай алмай қалса, онда жетіспеген балды бонитер (сыныптаушы) ескермеуіне болады және жылқыларды түзетуді көрсете отырып, тиісті сыныпқа жатқызуға құқылы. Екінші сыныптың ең аз талаптарына сәйкес келмейтін жылқыларға бұл түзету қолданылмайды.
Полная версия

