Близость слов: Окончание:





2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидаларын бекіту және «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 706 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы
   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 768 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 212-бабының 11-бөлігінесәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 706 қаулысының 1-тармағы 3) тармақшасы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2023 жылғы « »
 № қаулысымен
 бекітілген
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидалары
1. Осы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабының 11-бөлігіне сәйкес әзірленді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға.
3. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері) бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып қайта есептеледі.
4. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда жеке зейнетақы шотында қалған, бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатады.
2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу тәртібі
5. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы еңбек сіңірген жылдары үшін толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алушыларға (бұдан әрі – алушылар) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысында (бұдан әрі – Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары) айқындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
6. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері Кодекстің213-бабына сәйкес алушының зейнеткерлік ісіндегі құжаттар бойынша оның қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне еңбек сіңірген жылдары, еңбек өтілі, ақшалай қамтылымы ескеріле отырып қайта есептеледі.
7. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері Кодекстің 197-бабының 3-бөлігін ескере отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алған бүкіл кезең үшін индекстеу ескеріле отырып арттырылады.
8. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері:
1) 2016 жылғы 1 қаңтарға зейнеткерлік іс деректері бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.
Егер осы Қағидалардың шарттарында қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен төмен болса, зейнетақы төлемдерінің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мөлшері сақталады;
2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 109 еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық болмауға тиіс.
9. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасы 50 пайызының жеке зейнетақы шотынан есептен шығарылғаны туралы растау анықтамасы (бұдан әрі – анықтама) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
10. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаманы алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес 1-ВС-нысаны бойынша зейнеткерлік iстен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы үзінді көшірмені береді.
Полная версия
ИС BestProfi