Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 951 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:  
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
13 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«13 Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына,  Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
1 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
08 «Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«08 Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер»;
2 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2 Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер»;
мынадай мазмұндағы 06 және 07 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«06 Ақша, оның ішінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға қайтарылған мүлікті өткізуден түсетін ақша
Полная версия
ИС BestProfi