Близость слов: Окончание:





 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
 Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының
 Карагусов Ф.С. – заң ғылымдарының докторы, профессор
 Слесарев В.Л. – заң ғылымдарының докторы, О.Е. Кутафин атындағы Москва мемлекеттік заң университетінің (ММЗА) азаматтық құқық кафедрасының профессоры
Амангелді Айжан Амангелдіқызы - заң ғылымдарының докторы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының профессоры. Д.А. Қонаев. 2015 жылдың қараша айында Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) 12.00.03 – азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, отбасы құқығы, халықаралық жеке құқық мамандығы бойынша «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Зияткерлік меншік құқығы» арнайы курсы бойынша дәріс оқиды. Ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік қызметті бірге ұштастыруда. Азаматтық құқық және зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша бірқатар жарияланымдардың авторы.
Амангельды А. Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы. Оқулық. Алматы. 2021. – 350 б.
Бұл жұмыс зияткерлік меншік құқығын, оның құқық жүйесіндегі орнын зерделеуге арналған, оның негізгі институттары қарастырылады, оның қазақстандық құқық жүйесі шегінде институтқа айналуына негізделген.
Ұсынылып отырған оқулықта зияткерлік қызметті азаматтық-құқықтық реттеу, сондай-ақ оның нәтижелерін пайдалану ерекшеліктері ерекше орын алады. Зияткерлік меншік құқығы теориясының қазіргі кезеңдегі мәселелері қарастырылған, зияткерлік меншік құқығы объектілері ұғымы, зияткерлік меншік саласындағы келісім-шарттар ұғымы және түрлері, субъектілер және олардың құқықтық мәртебесі, оларды құқықтық қорғау ерекшеліктері сияқты мәселелер өз көрінісін тапты.
Заң жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне, докторанттарына, магистранттары мен оқытушыларына, тәжірибедегі заңгерлерге, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығына қызығушылық танытатын барлығына тұлғаларға арналған.
Аударган зан гылымдарынын кандидаты, доцент Байсалов А.Д
Мазмұны………………………………………………………………3
Полная версия
ИС BestProfi