Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысы
Редакция 29.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 300) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі 
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.01.2026 жылғы № 17 Қаулысымен (27.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2026 жылғы № 39 Қаулысымен (15.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» акционерлік қоғамы».
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:
«Машина жасау ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Полная версия
ИС BestProfi