Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 1108 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 79, 80, 81, 82 және 83 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
«79 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
80 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
81 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
82 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
83 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 100 бюджеттік кіші бағдарламаcы бар 009 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi