Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6321 болып енгізілді
Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 02.03.2012 № 18-02/85 Бұйрығына сәйкес (02.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.05.2012 жылы № 269-273 (27347) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 39) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.10.2023 жылғы № 362 Бұйрығына сәйкес (27.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 02.03.2012 № 18-02/85 Бұйрығына сәйкес (02.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.05.2012 жылы № 269-273 (27347) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Р.Ә. Тоқсеитова) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 02.03.2012 № 18-02/85 Бұйрығымен (02.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.05.2012 жылы № 269-273 (27347) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2015 жылғы № 7-1/350 Бұйрығымен (02.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.07.2020 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (20.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.10.2023 жылғы № 362 Бұйрығына сәйкес (27.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 39) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануарды иеленуші туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға қолжетімділік (бұдан әрі – дерекқорға қолжетімділік) – мәліметтерді енгізу, өзектілендіру, түзету, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордағы мәліметтермен танысу, көшірмесін жасауды, талдауды және дерекқордағы мәліметтермен басқа да операцияларды қоса алғанда, оны өңдеу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірме (бұдан әрі – дерекқордан үзінді-көшірме) – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі – уәкілетті органның мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттандыру объектісі;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.