«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 45 және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 55 бұйрықтарының күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 29 шiлдедегі 63қе бұйрығы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының мынадай:
1) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері туралы» 2008 жылғы 26 наурыздағы № 45;
2) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 55 бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері таныстырылсын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Комитет Төрағасы Н. Әбіқаев
Полная версия