БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 1188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 қарашада № 33635 болып тіркелді
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес (13.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
«15) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдарда орналастырылған ақпаратты беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштермен басылған дыбысталған кітаптарды, рельефті-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған тифлоқұралдарды сатып алу;»;
297-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«297-6. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарлама жіберілген сәттен бастап үш сағат ішінде жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін) растайды. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағатты есептеу сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.»;
«4) әлеуетті өнім берушілердің әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау күні мен уақыты.
Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімге енгізу туралы қолдаухаттарын қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды;»;
Тендерлік құжаттамаға 13-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады).»;
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада 32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукцион басталатын уақыт Астана қаласының уақыты бойынша 18.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.»;
көрсетілген Қағидаларға 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Полная версия