Близость слов: Окончание:





Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді
Редакция 12.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 жылғы № 99 Бұйрығына сәйкес (19.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй көмегін беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі К. Шарлапаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 117 Бұйрыққа
1-қосымша
1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 16.03.2026 жылғы № 99 Бұйрығына сәйкес (19.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.03.2024 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес (08.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi