БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1266 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн кiрiстер» сыныбында:
9 «Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 11 ерекшелікпен толықтырылсын:
«11 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы»;
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбынның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
16 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«16 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (займдар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
мынадай мазмұндағы 58, 59 және 68 ерекшеліктер алып тасталсын:
«58 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
59 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
68 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
Полная версия

