Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 83 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
110 «Облыс мәслихатының аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 114 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«114 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттері 011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 117 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«117 Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»;
767 «Облыстың жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
005 «Облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру», 006 «Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» және 011 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламалар бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
Полная версия
ИС BestProfi