Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2024
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 246 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:
«1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;»;
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;
жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
«6. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімделген кезде өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
Полная версия
ИС BestProfi