БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 285 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарлама және 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 769 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«769 Облыстың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы
001 Жергілікті деңгейде сәулет, қала құрылысы, жер қатынастарын реттеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
мынадай мазмұндағы 100, 102, 103, 106, 107, 108 және 109 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
103 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
106 Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
108 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу»;
Полная версия

