Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258-III Конституциялық заңы
Тақырыбында және Құжат мәтініндегі "нышандары", "нышандарының", "нышандарын", "нышандарына" деген сөзедер "рәміздері", "рәміздерінің", "рәміздерін", "рәміздеріне" деген  сөздермен ауыстырылды ҚР 04.07.2008жылғы № 56-IV Заңы бойынша(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «мемлекеттік стандартқа», «мемлекеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөзедер  «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 28.06.2012жылғы № 23-V Заңы бойынша (04.06.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)30.06.2012жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Осы Конституциялық заңға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 30.12.2022 жылғы № 176-VII Конституциялық Заңына сәйкес өзгеріс енгізу көзделген
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» деген жазу – алтын түстес.
1-баптың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.06.2018 жылғы № 162-VI Конституциялық заңына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан     Республикасының заңнамасы
2-баптын тақырыбы өзгертілді ҚР 28.06.2012 жылғы №23-V Заңымен (04.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)30.06.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ 
Республикалық газетінде жарияланды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2-бап өзгертілді ҚР 28.06.2012 жылғы №23-V  Заңымен (04.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)30.06.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ 
Республикалық газетінде жарияланды.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесі (осы Конституциялық заңға 1-қосымша );
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі (осы Конституциялық заңға 2-қосымша );
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні (осы Конституциялық заңға 3-қосымша ) бекітілсін.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):
1-тармақ өзгертілді ҚР 28.06.2012 жылғы №23-V  Заңымен (04.07.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)30.06.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР 28.10.2015 жылғы № 370-V Конституциялық Заңымен (28.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Соттың, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Жоғары Сот Кеңесінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 22.12.2017 жылғы № 119-VІ Заңымен (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi