Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 603 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
03 «Облыстық бюджеттеріне, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастары» кіші сыныбында:
01 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен берілетін трансферттер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«01 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында берілетін трансферттер»;
02 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен берілетін трансферттер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«02 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында берілетін трансферттер»;
03 «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен берілетін трансферттер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«03 Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында берілетін трансферттер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
626 «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
Полная версия
ИС BestProfi