Близость слов: Окончание:





Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Ж. Шаймарданов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлiгі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлiгі
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігі төрағасының
2024 жылғы «26 » қыркүйектегі
№ 77 бұйрығына
қосымша
Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары
1. Осы Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидаларды қолданудың жалпы құқықтық мәселелері:
1) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;
2) «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;
3) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;
4) «Стандарттау. Терминдер мен анықтамалар» ҚР СТ 1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;
5) «Ұлттық стандарттардың және стандарттау жөніндегі ұсынымдардың құрылуына, жазылуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ 1.5 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартымен;
Полная версия
ИС BestProfi