«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 қыркүйекте № 35143 болып тіркелді
1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.
3. «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы заң) сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4-тармағына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлемақы алынбай, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
4. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
1) әлеуетті өнім берушілер тізілімі;
2) тапсырыс берушілер тізілімі;
Полная версия