Близость слов: Окончание:





«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 22 қазандағы № 665/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қазанда № 35294 болып тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы К. Тулеушин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 22 қазандағы
№ 665/НҚ Бұйрыққа
қосымша
«Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1. Осы «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармағына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық оператор – виртуалды оператор байланыс желісінің инфрақұрылымын пайдалану туралы шарт жасасатын ұялы байланыс операторының қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар байланыс операторы;
2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) виртуалды оператор – ұялы байланыс қызметтерін ұсыну үшін бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымын пайдаланатын байланыс операторы.
2 тарау. Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi