Близость слов: Окончание:





Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35345 болып тіркелді
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 41) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Бәсекелестікті қорғау
 және дамыту агенттігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Сауда және интеграция министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігі
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы Цифрлық
 даму, инновациялар
 және аэроғарыш өнеркәсібі
 министрлігі
Қазақстан Республикасының
 Ауыл шаруашылығы министрі
 2024 жылғы 6 қарашадағы
 № 372 бұйрығына
 1-қосымша
Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары
1. Осы Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) органикалық өнім – ауыл шаруашылығы өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынатын өнім, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары, ашытқы мен саңырауқұлақтар, оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін тамақ өнімі. Аңшылық және балық аулау шаруашылығы өнімдері органикалық өнім болып табылмайды;
2) органикалық өнім өндіру – нәтижесі Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасы мен ұлттық стандарттарға сәйкес органикалық өнім жасау (дайындау) болып табылатын қызмет. Органикалық өнім өндіру процесі солармен байланысты өлшеп-орау, буып-түю, таңбалау, сақтау, тасымалдау процестерін және басқа процестерді қамтиды;
3) органикалық өнім өндіруші – органикалық өнім өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, органикалық өнім өндірушілер бірлестігі (жай серіктестік);
4) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi